Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br>Райымбек ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Райымбек ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі

Аты-жөні              Лауазымы Телефон
         
     
     
     
     

 

«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қамқоршылық кеңестің 
ХАТТАМАСЫ

 

25.12.2017жыл


Қатысқаны: 53
Қатыспағаны: 4 
Күн тәртібінде:

1. Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі


 

Тыңдалды:


Қамқоршылық кеңестің төрағасы Г.Кошимбаева атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Қоғамда жасайтын , мемлекеттік ісін ілгері алып баратын, прогреске қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу – қай қоғамда болсын , мақсатсыз өмір сүруі мүмкін емес.Бұл ғасыр-жеке тұлға қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Сондықтан да әрбір тәрбиеленген жас ұрпақ ертеңгі күні алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алса, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана біліп, азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгеріп, өз Отанын шын сүйетін азамат болып жетілу керек. 
Қамқоршылық кеңес құрамының қолдауымен оқу үлгерімін көтеру мақсатында кәсіпкер Е.Қабылбеков бастауыш сыныптың он оқушысына жаңа оқу жылында мектеп құралдарын сыйға тартты. Кәсіпкер Т.Баудынұлы дарынды балаларды қолдау мақсатында 6-сынып оқушысы Муса Данел мен Үсейін Даниярды жас мезгілінде «Ақкөл» сауықтандыру лагерінде демалтты. 
Қамқоршылық кеңесінің ұйытқы болуымен 25-мамыр «Соңғы қоңырау» күні бүкіл мектеп ұжымы табиғатқа серуенге шығып, балалар үшін спорттық мереке ұйымдастырды.Мектепте білім алушылардың жақсы оқуына , ұстаздарға көмек ретінде әр кабинетке Кембридждің 7 модулі мен Блум таксономиясының стендтерін «Азия көркем» фирмасының директоры Ж.Әбішов жасап берді.Ауылда спортты дамытуға , оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге кәсіпкер С.Өміртай зор үлес қосып келеді. Оның дәлелі: оқушылар үшін волейбол , баскетбол , тоғызқұмалақ , спорттық инвентарьлар сатып алып берді.
Нарынқол ауылдық спорт мектебінің филиалы ретінде мектепте бокс үйірмесі жанды жұмыс жүргізуде. Облыстық, Республикалық жетістіктері бар.Оларға демеушілер жол қаражатымен қамтамасыз етеді. 
Мектеп түлегі , облыстық аурухананың бас дәрігері М.Рахметов ауылға арнайы көшпелі медициналық бригадасын жіберіп, оқушылардың денсаулығын тексертті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің -26 жылдығына арналған « 26 Қайырымды Іс» патриоттық акция аясында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді. 1978 жылғы мектеп түлектері «Өлкетану» бұрышын жасап сыйға тартты. Мектеп мұғалімі Р.Алиева мектептің абаттандыруын жақсартуға көп үлес қосты. Қамқоршылық кеңесі білім беру сапасын үнемі бақылауда ұстайды. Сабақтарға қатысып, білімі төмен оқушыларды қолдау мақсатында қөп жұмыстар атқарды. Каникул кездерінде студент волонтерлардың көмек көрсетуін ұйымдастырды. 
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің күш салуы арқасында 57 оқушы Нарынқол ауылдық оқу-өндірістік комбинатының филиалы негізінде авто ісі мамандығын алуда.
Мектепте қамқоршылық кеңесі қажеттігін анықтау мақсатында 5-9 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды. Ата-аналар тарапынан айтылған тілектер : 
- Жазға практиканы ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарау (жазғы математикалық, тілдік мектеп, ҰБТ-ға дайындық ұйымдастыру )
Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен оқушылардың М.Мақатаев музейіне , Райымбек баба ескерткішіне саяхаттары ұйымдастырылды. Материалдық қолдау көрсету мақсатында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы үйлеріне жиі барып тұрды. Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеті мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болды. Кеңес өз міндетін атқара білді. Демеушілер арқасында «ағылшын тілі , қазақ тілі , мұғалімдер бөлмесі» жабдықталды. Музыкалық аппаратура сатып алынды. Қамқоршылық кеңестің жұмыс істеу нәтижесінде мектеп үшін істің кең ауқымы ашылды.Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады. 
Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе 

Қаулы етеді:


1. 2016-2017 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту қамқоршылық кеңестің міндеті екендігі атап көрсетілсін. 
3. Мектепке , педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсету қамқоршылық кеңестің жауапкершілігіне алынсын.
4. Қамқоршылық кеңестің қызметі жандандырылсын.

«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қамқоршылық кеңестің 
ХАТТАМАСЫ

 

25.12.2017жыл


Қатысқаны: 53
Қатыспағаны: 4 
Күн тәртібінде:

1. Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі


 

Тыңдалды:


Қамқоршылық кеңестің төрағасы Г.Кошимбаева атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Қоғамда жасайтын , мемлекеттік ісін ілгері алып баратын, прогреске қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу – қай қоғамда болсын , мақсатсыз өмір сүруі мүмкін емес.Бұл ғасыр-жеке тұлға қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Сондықтан да әрбір тәрбиеленген жас ұрпақ ертеңгі күні алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алса, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана біліп, азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгеріп, өз Отанын шын сүйетін азамат болып жетілу керек. 
Қамқоршылық кеңес құрамының қолдауымен оқу үлгерімін көтеру мақсатында кәсіпкер Е.Қабылбеков бастауыш сыныптың он оқушысына жаңа оқу жылында мектеп құралдарын сыйға тартты. Кәсіпкер Т.Баудынұлы дарынды балаларды қолдау мақсатында 6-сынып оқушысы Муса Данел мен Үсейін Даниярды жас мезгілінде «Ақкөл» сауықтандыру лагерінде демалтты. 
Қамқоршылық кеңесінің ұйытқы болуымен 25-мамыр «Соңғы қоңырау» күні бүкіл мектеп ұжымы табиғатқа серуенге шығып, балалар үшін спорттық мереке ұйымдастырды.Мектепте білім алушылардың жақсы оқуына , ұстаздарға көмек ретінде әр кабинетке Кембридждің 7 модулі мен Блум таксономиясының стендтерін «Азия көркем» фирмасының директоры Ж.Әбішов жасап берді.Ауылда спортты дамытуға , оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге кәсіпкер С.Өміртай зор үлес қосып келеді. Оның дәлелі: оқушылар үшін волейбол , баскетбол , тоғызқұмалақ , спорттық инвентарьлар сатып алып берді.
Нарынқол ауылдық спорт мектебінің филиалы ретінде мектепте бокс үйірмесі жанды жұмыс жүргізуде. Облыстық, Республикалық жетістіктері бар.Оларға демеушілер жол қаражатымен қамтамасыз етеді. 
Мектеп түлегі , облыстық аурухананың бас дәрігері М.Рахметов ауылға арнайы көшпелі медициналық бригадасын жіберіп, оқушылардың денсаулығын тексертті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің -26 жылдығына арналған « 26 Қайырымды Іс» патриоттық акция аясында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді. 1978 жылғы мектеп түлектері «Өлкетану» бұрышын жасап сыйға тартты. Мектеп мұғалімі Р.Алиева мектептің абаттандыруын жақсартуға көп үлес қосты. Қамқоршылық кеңесі білім беру сапасын үнемі бақылауда ұстайды. Сабақтарға қатысып, білімі төмен оқушыларды қолдау мақсатында қөп жұмыстар атқарды. Каникул кездерінде студент волонтерлардың көмек көрсетуін ұйымдастырды. 
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің күш салуы арқасында 57 оқушы Нарынқол ауылдық оқу-өндірістік комбинатының филиалы негізінде авто ісі мамандығын алуда.
Мектепте қамқоршылық кеңесі қажеттігін анықтау мақсатында 5-9 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды. Ата-аналар тарапынан айтылған тілектер : 
- Жазға практиканы ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарау (жазғы математикалық, тілдік мектеп, ҰБТ-ға дайындық ұйымдастыру )
Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен оқушылардың М.Мақатаев музейіне , Райымбек баба ескерткішіне саяхаттары ұйымдастырылды. Материалдық қолдау көрсету мақсатында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы үйлеріне жиі барып тұрды. Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеті мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болды. Кеңес өз міндетін атқара білді. Демеушілер арқасында «ағылшын тілі , қазақ тілі , мұғалімдер бөлмесі» жабдықталды. Музыкалық аппаратура сатып алынды. Қамқоршылық кеңестің жұмыс істеу нәтижесінде мектеп үшін істің кең ауқымы ашылды.Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады. 
Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе 

Қаулы етеді:


1. 2016-2017 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту қамқоршылық кеңестің міндеті екендігі атап көрсетілсін. 
3. Мектепке , педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсету қамқоршылық кеңестің жауапкершілігіне алынсын.
4. Қамқоршылық кеңестің қызметі жандандырылсын.

ХАТТАМА №4

28 желтоқсан 2017 жыл Тоғызбұлақ ауылы

«Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы болды.

Қатысуға тиісті - 10;
Қатысқаны - 8 ;

Күн тәртібінде: Тоғызбұлақ ауылында шаңғы жарысын өткізу туралы

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Тоғызбұлақ ауылының азаматы Ж. Қырғызәлі хабарлама жасады. Біз 1995-97 жылы туған түлектер ауылымызда спортты дамыту мақсатында қаржы жинап ауылымызда аймақтық шаңғы жарысын ұйымдастырсақ деп отырмыз.

Сөйлеушілер: Қамқоршылық кеңестің төрағасы Қ. Абылқайыров : Біз сендердің бұл ұсыныстарыңды қолдаймыз және мүмкіндігінше көмек көрсетеміз. Шаңғы жарысын өткізу орнын, оны ұйымдастыру мектеп ұжымына тапсырайық.



Қаулы: 1. Шаңғы жарасын ұйымдастыру мектеп ұжымына міндеттелінсін
2. Шаңғы жарысын өткізуге бақылау, басшылық жасау ауыл азаматтарына тапсырылсын


Отырыс төрағасы: Қ. Абылқайыров
Хатшысы: Ө. Еспаев

ХАТТАМА №4 28 желтоқсан 2017 жыл Тоғызбұлақ ауылы «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы

ХАТТАМА №4

28 желтоқсан 2017 жыл Тоғызбұлақ ауылы

«Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы болды.

Қатысуға тиісті - 10;
Қатысқаны - 8 ;

Күн тәртібінде: Тоғызбұлақ ауылында шаңғы жарысын өткізу туралы

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Тоғызбұлақ ауылының азаматы Ж. Қырғызәлі хабарлама жасады. Біз 1995-97 жылы туған түлектер ауылымызда спортты дамыту мақсатында қаржы жинап ауылымызда аймақтық шаңғы жарысын ұйымдастырсақ деп отырмыз.

Сөйлеушілер: Қамқоршылық кеңестің төрағасы Қ. Абылқайыров : Біз сендердің бұл ұсыныстарыңды қолдаймыз және мүмкіндігінше көмек көрсетеміз. Шаңғы жарысын өткізу орнын, оны ұйымдастыру мектеп ұжымына тапсырайық.



Қаулы: 1. Шаңғы жарасын ұйымдастыру мектеп ұжымына міндеттелінсін
2. Шаңғы жарысын өткізуге бақылау, басшылық жасау ауыл азаматтарына тапсырылсын


Отырыс төрағасы: Қ. Абылқайыров
Хатшысы: Ө. Еспаев

Хаттама №4
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20.12.2017ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің отырысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
1. 2017-2018 оқу жылында мектеп директоры Л.Нусипкожаеваның бірінші жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыс жайлы есебі
Хабарламашы Л.Нусипкожаева / мектеп директоры/
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Л.Нусипкожаева сөз алды. Сөз барысында: « Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚРБжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде мектепте қамқоршылық кеңес құру туралы мектеп директорының 2017 жылдың 1 тамыз №78 бұйрықпен қайта құрам сайланды. Мектеп бойынша қамқоршылық кеңестің ішкі ережесі бекітілді. 
Ережеде оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға,мектептің барлық кеңестерінің мүшелерің мектептің іс-шараларын ұйымдастырып,қатыстыруға,өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып қабылданды. Қамқоршылық кеңесі мектепке оқыту және тәрбие жұмысында,материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған.Кеңестің мақсаты мен міндеті құрамға таныстырылды. Сонымен қатар мектеп директоры төмендегі мәселелерді айтып өтті. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда мектеп 20 жыл бұрын бітірген тулектер 2 оқушыға,мектеп ұжымы 6 оқушыға лагерьге жолдама алып берді. Бір жолдама құны-35000 тенге көлемінде болды. Мектептегі 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысы бойынша іс-шарасы жасалып ұжымға, ата-аналарға ,оқушыларға таныстырылып бекітілді. Мектепке әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына толық қайта есеп тізбесі жасалды. Мектепте 3 жетім оқушы бар. Жартылай жетім - 48 оқушы. Толымсыз отбасы баласы -43 оқушы. Аз қамтылған отбасы балалары -58 оқушы, 175 көп балалы оқушылар тізімі жасалды. Шекаралық аумақ бойынша мектеп мұғалімдері бөлінген үгітшілер 23 көше . Көше бойынша оқушылар есепке алынуда. Жағдайы келмейтін, қанғыбастыққа салынған оқушы жоқ. Барлық оқушының жағдайы анықталып тексерілуде. Акция барысында оқушыларға керекті оқу құралдары, мектеп формасы кәсіпкерлерге және мұғалімдерге алып келу тапсырылды, әкімшілік тарапынан ескертілді. Рейд барысында қоғамдық орындар,малды ауылдар,базар маңдарында тексеру жүргізілді, дәлелсіз себептермен мектепке тартылмай қалған балалар анықталған жоқ. «Мектепке жол» акциясы негізінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық акциясы өтілді. Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған 23 оқушыға -103500 теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. Әріптесіміз Смағұлов Айдос 5 оқушыны сумкамен қамтамасыз етті . Олар 1 «б» Мұқай Мерей,1 «ә» Тұрғанбай Ансар, 3 «б» Лебай Мағжан,4 «б» Халықұлы Нұржан, 2 «г» Құрманжан Нұрым,Ауданның таксист жігіттері 60000 теңге көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Әлжүнісова Әсемхан екі мектеп формасымен оқушыларды қамтамасыз етті. 6 «а» сынып оқушысы Қайратқызы А оқу формасы,7 «б» сынып оқушысы Төленұлы Әлішер, 2 «ә» сынып оқушысы Нығмет Шырайлым, 3 «ә» сынып оқушысы Хакімжан Елнұр форма, 4 «г» сынып оқушысы Аметов Ерасыл, 3 «в» сынып оқушысы Сапарғали Жансая ,Сабыржан Нұрбек, 6 сынып оқушысы Дәуренқызы Аяла, 10 «б» сынып оқушысы Жанали Алтынгүл, 8 «б» сынып оқушысы Ұлдахан Жандос форма, 2 «г» сынып оқушысы Құрманжан Нұрым форма, 3000 теңге, Еркінұлы Ернар,даярлық сыныбы Сүлеймен Әлихан оқу формалары, Күшікбаева Фарида 3000, Қалмақбаева Алтын 2000 теңге, Нұрабаева Бақытгүлге 2000 теңге ,спорт киімі, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.3 «ә» сыныбындағы 4 оқушыға жұмыс дәптерлері алынып берілді сынып жетекшісі Р.Көккөзова. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр демеушілік жасады. Мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкер Утежанова Ляззат 63 оқушыға жаңа жылға 189000 мың тенге көлемінде сыйлық жасады. Мектеп бойынша үйден оқитын 8 оқушыға өзім жаңа жылдық сыйлық табыстадым. Бастауыш сынып мұғалімі Куккузова Роза бір отбасына 15000 тенге көлемінде азық-түлік көмек көрсетуде. Міндетті білім беру айлығы барысында қайырымдылық акциялар ұйымдастырылып өткізілді.
Сөйлеушілер:
Кеңес мүшесі Б. Асқаров сөз алып менің айтайын дегенім, мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға да көмек көрсету керек.Былтырғы 11 сынып бітірушілердің ата-аналардың ұйымдастырумен асхананың үстін 74000 тенге көлемінде құрылыс материалдарын алып беріп жылыладық.осындай игі шараларды қолға алуымыз керек.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе кеңес отырысы қаулы етеді:
1. Мектеп директоры Л.Нусипкожаеваныңы бірінші жартыжылдық бойынша атқарылған есебі еске алынсын.
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру, мектепке демеушілер тарту кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.


Хатшы: А. Бектенова

Хаттама №2

20-желтоқсан.2017 жыл Қайнар орта мектебі

Қайнар орта мектебіндегі «қамқоршылық» кеңес мүшелерінің отырысы болып өтті.

Қатысуға тиісті комиссия мүшелері:
1.Майлыбекова М - тарих пәнінің мұғалімі, «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы
2.Базарбекова К- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі
3.Бұлтақбаев Ө- Қайнар ауылының әкімінің орынбасары, мүшесі
4.Шалабаева Э- ата-аналар кеңесінің төрайымы, мүшесі
5.Молдасанов Ә- Қайнар ауылдық учаскелік инспектор, мүшесі
6.Мұқаметқазықызы Н- әлеуметтік педагог, мүшесі
7.Қожабекова Р- кәсіподақ ұйымының төрайымы, мүшесі
8.Өтепов Ы- жеке кәсіпкер, мүшесі
9.Ақсақалова Т- ата-аналар кеңесінің мүшесі, мүшесі

Күн тәртібінде:
Қайнар орта мектебі «мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында «Қамқоршылық» кеңесінің атқарған жұмыстардың есебі 

Тыңдалды:

Мектеп директоры «Қамқоршылық» кеңесінің І жарты жылдықта атқарған жұмыстар жайлы жан-жақты талдап,есеп берді. Ол өз сөзінде «Қамқоршылық» кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес екінші рет отырыс өтіп отырғанын,кәзіргі уақытта кеңестің мектептің жұмысына ықпал етіп отырғанын атап көрсетті
Сөйлеушілер:

Базарбекова К- кеңес мүшесі.
-Мектеп бойынша оқушылардың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранын басшылыққа ала отырып, барлық ауыл тұрғындарына , оқушыларға, ата-аналарға сынып жетекшілер түсініктеме жұмысын жүргізді.Мектеп бойынша «Қамқоршылық» кеңесін құру туралы бұйрық шығарлып, шара жасалынды. Осы кеңестің ықпалымен мектептегі аз қамтылған,жартылай жетім балаларға көмек ұйымдастырылды. Ауыл әкімдігіне, мешіт қызметкерлеріне, ауыл кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар мектеп ұжымына да акцияға толық қатысу керектігі айтылды.Мектептегі әлеуметтік топтағы жартылай жетім, аз қамтылған, сәтсіз, толық емес отбасы балаларын анықтап, оларға тиісті көмек жасауды ұйымдастыру әлеуметтік психолог пен сынып жетекшілерге міндеттелінді.
Шалабаева Э- ата-аналар кеңесінің төрайымы, мүшесі
-Мектеп пен ата-ананың байланысы биылғы оқу жылында жақсы жолға қойылды. Биылғы оқу жылында ата-аналар 56 пайыз балаларының сабағына қатысты. Ата –аналар комитеті осы уақытқа дейін 3 жағдайсыз отбасының жағдайымен танысып,балаларына материалдық көмек көрсетті.Атап мүсекеева ұлғанаттың балаларына ата-ана комитетінің тарапынан аяқ киім және мектеп формасынан көмек көрсетілді. Ата-ана комитетінің мүшелері үнемі мектептегі ыстық тамақтың берілуіне қадағалап отырды.мектептегі «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берем.
айтқанда 
Өтепов Ы- жеке кәсіпкер, мүшесі
-біз,кәсіпкерлер, жыл сайын оқушыларға көмек қолын созып келеміз.Оқушыларға киім –кешек,оқу құралдарынан беріп,ата-ананың алғысын алып жүрміз.алдағы уақытта мектептің басқа да қызметтік салаларына араласып,алдағы уақытта мектептің жұмысының жандануына өз үлесімді қосамын.
Қаулы:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелерінің пікір ұсыныстарын тыңдай келе комиссия мәжілісі қаулы етеді.
1.Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-дегі «Қамқоршылық» кеңесінің 2017-2018 оқу жылының бірінші жартысында атқарылған жұмыстары жайлы мектеп директорының есебі мақұлдансын.
2. Мектептегі «қамқоршылық» кеңесінің жұмысын жандандыру кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.
3.Мектептегі жағдайсыз отбасы балаларының жағдайын зерделеу, мектеп ұжымының ынтымақтастығын жақсарту кеңес мүшелеріне тапсырылсын 
4.Осы қаулының орындалуын кеңестің келесі отырысында қайта қаралсын



Мектеп директоры: Р.Утапова

Хатшысы: Мұқаметқазықызы Н-

«Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқужылының І жарты жылдығында

Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысы туралы

 

 

Есебі

Мектепте Қамқоршылық ,қорғаншылық кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде,жеті адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша тұлдыр жетім 3 оқушы, жартылай жетім 6 оқушы,көп балалы отбасынан 58 оқушы бар.2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен 16 оқушыға «Мейірімді жүрек» атты екі рет қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып жүз мың теңге көлемінде қаражатқа керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді.Міндетті білім беру қорының есебінен 12 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасы арқылы тамақ берілуде. 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар)өткізілді.Ауылдағы демеушілердің ұйымдастыруымен мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5000000 теңгеге күрес матрасы сатылып алынды. Оқушылардың денсаулығын нағайтуда аталған осы оқушылар жаттығуда.Оқушыларды жаз кезінде демалдыруда 67әлеуметтік категориясы бар балалар әр түрлі салада демалуы ұйымдастырылды.Сегіз оқушы «Көктал», «Огонёк» лагерінде демалды. «Ақкөл» лагеріне 10 оқушы барып қайтты. Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесіне 3 оқушыміндетті білім беру қорынан 2 оқушы демеушілердің ұйымдастыруымен барды. Күзгі каникул кезінде 15 оқушыны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» байланысты Мұқағали,О.Жандосов,Б.Соқпақбаевмұражайларына демеушілердің көмегіменбарып қайтты.Жеке кәсіпкер Жолдалина Маржан 3 жетім оқушы Берікқызы Тоғжан ,Адина,Жүнісова Аяжандарға 50000 теңге көлемінде қыстық етік алынып берілді.

 

Осы оқушыларды аудандық,пәндік олимпиадаларға,спорттық жарыстарға қатыстырып ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Үш тұлдыр жетім оқушының қамқоршыларының есебі отырыста тыңдалды. Үш тұлдыр жетім оқушының қамқоршыларының есебі отырыста тыңдалды. 2017-2018 оқу жылының І жарты жылындағы қамқоршылық,қорғаншылық кеңесі төрағасының есебі тыңдалды.Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп,осыған сіздердіңкөбірек жұмыс істеулеріңіз қажет

 

 

 

 

 

Мектеп директоры: Е.Нурмуханбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттама №3

25.12.2017 жылы «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық м.мқамқоршылық ,қорғаншылық кеңесінің отырысы болды.

Қатысқаны: 7

Қатыспағаны: 0

Күн тәртібінде:

1.2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің атқарған қызметі туралы есебі.Мектеп директоры,кеңес төрағасы Нурмуханбетов Е.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Е.Нурмуханбетов 2017-2018 оқу жылының І жарты жылындағы қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің есебі тыңдалды. Қамқоршылық ,қорғаншылық кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде,жеті адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша тұлдыр жетім 3 оқушы, жартылай жетім 6 оқушы,көп балалы отбасынан 58 оқушы.2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен 16 оқушыға «Мейірімді жүрек» атты екі рет қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып жүз мың теңге көлемінде қаражатқа керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді.Міндетті білім беру қорының есебінен 12 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасы арқылы тамақ берілуде. 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар)өткізілді.Ауылдағы демеушілердің ұйымдастыруымен мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5000000 теңгеге күрес матрасы сатылып алынды. Оқушылардың денсаулығын нағайтуда аталған осы оқушылар жаттығуда.Оқушыларды жаз кезінде демалдыруда 67әлеуметтік категориясы бар балалар әр түрлі салада демалуы ұйымдастырылды.Күзгі каникул кезінде 15 оқушыны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» байланысты мұражайларға барып қайтты.Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп,осыған сіздердің көбірек жұмыс істеулеріңіз қажет.

Сөйлеушілер:

Чингисова Б. ата-аналар комитетінің төрайымы.Қамқоршылық, қорғаншылық кеңестің төрағасының жарты жылдық есебін тыңдадық.Оқушылардың каникул,жаз мезгілдеріндегі демалыстарда осы аталған оқушыларды демеушілердің көмегімен сауықтыру лагеріне және қалаларды аралауға ,жорықтарға көбірек жіберуді ұйымдастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.Жасалған есеп еске алынсын.

Нусипова Б-психолог,кеңесші.Мектептегі құрылған кеңесте жоспар бойынша жұмыстар атқарылған.Астана қаласындағы өткен ЭКСПО көрмесіне демеушілердің көмегімен 2 оқушы,міндетті білім қорының есебінен 3 оқушы барып қайтты.

Болашақта оқушылардың демалуына,олимпиадаға,байқауларға,спорттық жарыстарға көбірек қатыстырсақ,кеңес мүшелері осыған көбіреккөңіл бөлсе деймін.Бірінші жарты жылдықта жасаған есеп еске алынсын.

Шешім:

1.Қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылында І жарты жылдығындағы есебі еске алынсын.

2.Қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің жұмысын жандандыру кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.

3. Шешімнің орындалуына бақылау –басшылық жасау кеңес төрағасы Е.Нурмуханбетовке тапсырылсын.

 

 

 

 

Жиналыс басқарушы:Нурмуханбетов Е

Хатшы: Иргимбаева Б.

Мүшелері: Н.Абдильдаев

Б.Чингисова

Б.Нурмуханбетов

Б.Нусипова

Н.Чубанов

Хаттама № 1

Қарабұлақ орта мектебінде 2017 жылдың 2 қыркүйек күні қорғаншылық кеңесінің отырысы болып өтті.

Қатысқаны-26

Қатыспағаны- 0

Күн тәртібінде:

  2017-2018 оқу жылында қорғаншылық кеңесінің жұмысының жүргізілу барысы.

 2017-2018 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы кезінде көрсетілген көмек туралы мәлімет

Тыңдалды:

Сөйлеушілер:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Гүлнар Валиева2017-2018 оқу жылында Қарабұлақ орта мектебінде қорғаншылық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.  Жоспарды басшылыққа ала отырып, жұмыстар жүргізілуде. Қорғаншылық кеңесінінің құрамы сайланып, 6-адамнан құралды.

Атап айтсақ:

1.Нугыманов Алмас – мектеп директоры, төрағасы

2.Алжанбаев Болатбек- кәсіпкер, мүшесі

3.Валиева Гүлнар-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі

4.Омарова Люба- мектеп психологі, мүшесі.

5.Қасымбекова Гүлназым – қорғаншылық ұйымының мүшесі, хатшы.

6.Ембергенова Гүлжан- жалпы ата-ана комитетінің төрайымы, мүшесі

Мектеп директоры Алмас Нугыманов

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында мектебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акция кезінде жартылай жетім, көп балалы отбасыларының балаларына жалпы мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары болып 50 000 (елу мың) теңге көлемінде жинақталып балаларға оқу құралдары алынып берілді.

20 қыркүйек  күні «Мейірімге толы жүрекпен» атты тақырыпта акция өткізілді. Акция барысында ауылымыздың кәсіпкері Алжанбаев Болатбек 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде мектептегі көп балалы және жартылай жетім отбасыларының балаларына оқу құралдарын таратып берді.  

Қорғаншылық ұйымының мүшесі Гүлназым  Қасымбекова – жылда мектепке жол акциясы кезінде ұжым ұстаздары да өз үлестерін қосады. Атап айтсақ 25 000 (жиырма бес мың ) теңге көлемінде киім-кешектей және оқу құрал жабдықтары алынып көпбалалы отбасыларының балаларына берілді. Жүргізілген жұмыстардың хаттамалары, актілері, көрсетілген көмек туралы құжаттары ата-аналардың өтініштері жинақталып отырылады. Жалпыға бірдей міндетті қорынан 60 000 (алпыс мың теңге) бөлінген үш мектеп формасы жартылай жетім 3 отбасының балаларына   берілді. Мектебіміздегі жартылай жетім 9 сынып оқушысы Смаыл Айбек пен 11 сынып оқушысы Құрманғали Шерханға  және Мұратбек Маралға мектеп формалары берілді.

Жоғарыдағы жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе қорғаншылық ұйымының мүшелері қаулы етеді.

 2017-2018 оқу жылында қорғаншылық кеңесінің жұмысы жандандырылсын.

 2017-2018 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы кезінде көрсетілген көмек және міндетті білім қорынан бөлінген көмек жұмыстарының жүргізілуі қанағаттанарлық деп табылсын.

 

Мектеп директоры                        А.Нугыманов

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттама № 2

Қарабұлақ орта мектебінде 2017 жылдың  2 қыркүйек күні қорғаншылық кеңесінің отырысы болып өтті.

Қатысқаны-26

Қатыспағаны-

Күн тәртібінде:

 2017-2018 оқу жылында қорғаншылық кеңесінің жұмысының жүргізілу барысы.

  2017-2018 оқу жылындағы көрсетілген көмек туралы мәлімет.

Тыңдалды:

Сөйлеушілер:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Гүлнар Валиева2017-2018 оқу жылында Қарабұлақ орта мектебінде қорғаншылық жұмысының барысында айта кетсек,қорғаншылық кеңесінің 1отырысы өткізілді, онда мектептің және отбасының серіктестігі  тәрбиеленушілер әлеуетті тәртіптері және алдын алу жұмыстарын жетілдіру қаралды. Қорғаншылық кеңесінің тікелей қатысуымен кейбір маңызды сұрақтарды шешуге мүмкіндік туды:  

Мектеп директоры Алмас Нугыманов - Қазанның 16-шы жұлдызында ауылымыздан шыққан кәсіпкер Бекұзақ Телман  мектебіміздің «Ақтілек» шағын орталығына  200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде шағын орталық алаңына балалар ойнайтын сырғанақ, әткеншек, тағы басқа ойын құралдарын алып келді.

 Қасымбекова Гүлназым- Қараша айының 6 –сынан бастап мектебімізге Тасашы орта мектебінен 4 сынып оқушысы Намазбаев Жомарт пен 7 сынып оқушысы Намазбаев Тұрсын ауысып келді. Желтоқсан айында 4 сынып оқушысы тұлдыр жетім Намазбаев Жомарт пен көп балалы отбасынан шыққан 6 сынып оқушысы Жомартқызы Маринаға ауылымыздан шыққан кәсіпкер Жанаров Мәлік Әкімханұлы 140 000 (жүз қырық мың) теңгенің көлемінде қыстық киімдерін алып берді. Екі балаға 70 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде қыстық киім кешек берілді.

 Мектептің асханасы жұмыстары жағдайы бракераждық комиссиямен айына бір рет тексеріледі. Күнделікті мектеп асханасынан 14 әлеуметтік жағдайына байланысты балалар ыстық тамақ ішеді.  Мектеп асханасынан  2 тұлдыр жетім бала, 4 жартылай жетім, 8 көп балалы отбасынан шыққан балалар тамақтанып отыр. Барлығы 14 білім алушы.

   Сонымен қатар ҚК мүшелерімен «Қамқор» акциясы көпбалалы және азқамтылған отбастары қажет еткен балаларына көмек көрсетілді.   

Қорғаншылық кеңесі мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу барысында  жоспар бойынша жасалып жатқан жұмыстарға белсене ат салысады. Жасөсіпірімдер және балалар құқығын сақтау үшін қадағалау жүргізеді.   «Талантты мұғалім – дарынды балалар», «Мектеп ауылы» байқауында алқасы болып ҚК мүшелері белсене қатысты.

Қорғаншылық кеңесі жұмыстары кезінде мектеп әкімшілігі ынтымақтастық қатынасты қалыптастыра білді, әрине сөзсіз біріккен қызмет үшін жағымды негіз болып табылады.

 

Жоғарыдағы жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе қорғаншылық ұйымының мүшелері қаулыетеді.

 2017-2018 оқу жылында қорғаншылық кеңесінің жұмысы қанағаттанарлық деп табылсын.

  2017-2018 оқу жылындағы бөлінген көмек жұмыстарының жүргізілуі барысын бақылау –басшылыққа алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, құжаттарын реттеп отыру  Қасымбекова Гүлназым Бақдаулетқызына міндеттелінсін.

А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесі отырысы 
13 желтоқсан 2017 жыл
Қатысқандар саны-9
Қамқоршылық кеңесінің құрамы
1.Р.Алимов-Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
2. Б.Құдайбергенова-Қамқоршылық кеңесінің орынбасары
3.А.Нұрелова-хатшысы
4. А.Телеубекова-мектеп психологы-мүшесі
5.Н.Сәрсенбаев-мүшесі
6 .А.Иембергенова-мүшесі
7. Н.Құтманов-мүшесі
Күн тәртібінде 
Мектептің қамқоршылық кеңестің бір жылдық есебі.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Р.Алимов
Тыңдалды
Күн тәртібінде мәселе бойынша мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Р.Алимов сөз алды. Іс-шара жоспары жоспар бойынша мектепте панасыз,тұлдыр жетім, жартылай жетім, толық емес, аз қамтылған,көп балалы отбасы балалардың толық есебі алынды.
Мектебімізде жартылай жетім-18, толық емес отбасы-14, аз қамтылған-36, көп балалы отбасы-107, тұлдыр жетім-2. Барлығы-177 балалар бар екені анықталды. Осы аталған оқушылардың арасында материалдық көмек көрсету үшін сынып жетекшілер үйлерін аралап,зерттеу жүргізді. "Мектепке жол" қамқоршылық акциясы бойынша 26 бала қамтылды. 175000 теңге көлемінде ақшалай-заттай көмек жиналды. 65 мың теңгеге оқу құралдары алынып берілді. Аз қамтылған отбасы балаларына 11000 теңгеге көмек көрсетілді. Кәсіпкер Тәжиев Бекен,Қызайбеков Қуат,Ауғанбаев Ғалымның демеушілігімен 75 мың теңге жиналып,3 оқушыны мектеп формасымен киіндірді. Мектеп мұғалімі Жұмабекова Әсем 21000 теңгеге 7 оқушыны аяқ киіммен қамтамасыз етті. Спортты дамыту, сыныптан тыс шараларды қолдау барысында "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынына тақталар, волейбол доптары алынды. 
"Жас Ұлан" өзін-өзі басқару ұйымының министрлері "Қайырымды бала" атты қуыршақ театрын ұйымдастырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге себеп болды.
Қамқоршылық кеңес осы уақыт ішінде мектеп пен кеңес мүшелері тығыз байланыста болып,біршама жұмыстар атқарылған туралы айтып өтті.

Қаулы
1.2017 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
2.2017-2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары іске асырылсын.
3 "Мектеп және отбасы" байланыс арқылы одан әрі жұмыс тағайындалсын

Педагогикалық кеңестің қаулысымен мектептің бұйрығы шығып әкімшілік отырысында бекітілді. 2017-2018 оқу жылына арналған «Қамқоршылық кеңестің» жұмыс жоспары жасалынып, тиісті адамдарға таныстырылды. «Қамқоршылық кеңестің» құрамы төмендегі комиссия мүшелерінен құрылды.
1.Тлевжанова Бибігул-«Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы
2.Керімбаева Сағыныш- хатшысы 
3.Мекетаев- мектеп инспекторы,мүшесі
4.Демеубаева Айсара- ауыл әкімшілігінің бас маманы,мүшесі
5.Толбекова Анар-ауылдық жастар ұйымы,мүшесі
6.Шотбаев Мақсат- жеке кәсіпкер,мүшесі
7. Алиева Гүлшат- «Қорғаншылық» кеңесінің төрайымы,мүшесі 
8. Зординова Мимаш-ата-аналар комитеті,мүшесі 
9.Осимбаева Қарлығаш- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі 
«Қамқоршылық кенес» құрамы мүшелерінің отырысы өтіп, атқаратын қызметтерін белгіленді. Материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтап,отбасыларына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың әлеуметтік төлқұжаты жасалды. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, акт жасалынды. 
Егізекова Гүлжанат,Мұқымжанова Сара атты кәсіпкерлер 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы,Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің 2017 жылғы 29 тамызда №15584 мемлекеттік тіркеу тізілімі, «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағы,Райымбек аудандық білім бөлімінің 23.09.2017 жылғы бұйрығын жүзеге асыру мақсатында,мектептің 23 қаңтар 2017 жылы №241 бұйрығы шығып, педагогикалық кеңесте бекітілді.
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының іс-шара жұмыс жоспары жасалынды.Міндетті білім беру айлығының жоспарына сай мектепте 2-11 сынып аралығында қайырымдылық акциясы өткізіліп, әр сыныптағы аз қамтылған отбасы балаларына көмектер көрсетілді. «Қайырымды жан» тақырыбында мақалалар жазылып,ілінді. 
Ауыл имамы Исабол Манап 10.000 (он мың)теңге көлемінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына ақшалай көмек қолын созды.
2017 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде. Акция барысында мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары,ауыл кәсіпкерлерімен үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Мектеп мұғалімдерінен бүгінгі күнге ақшалай, заттай әлеументтік аз қорғалған оқушыларға көмектер көрсетілуде.
2017 жыл 6 қыркүйек күні ауылдық мәдениет үйінде «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.Акция кезінде мектептегі аз қамтылған,жетім,жартылай жетім 30 оқушыға 155000 (жүз елу бес мың)теңге көлемінде мектеп формалары,спорт киімдері және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ,ауылдың емхана ұжымы 50.000 теңге көлемінде екі оқушыға мектеп формасы,оқу құралдарымен және спорт киімдерімен қамтамасыз етті. Мешіт 10.000 (он мың)теңге көлемінде ақшалай көмек берді. 1-11 сыныптың жетекшілері сыныптарындағы аз қамтылған отбасы балаларына 80000 (сексен мың)теңге көлемінде мектепке керекті форма,спорт киімдері,аяқ киімдермен оқу құралдарымен қамтамасыз етті.Мектептің шағын орталық ұжымы аз қамтылған отбасы баласы Г.Күлімбековаларға 15000 (он бес мың)теңге көлемінде азық түлік алып берді.
қараша айының 13 жұлдызында Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепте «Жомарт жүрек» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Сол күні Аллах тағаланың ризашылығына, алғысына,сауабына бөленуге үміркер жандар бұл қоғамда да аз емес екенін бір дәлелдеп тастады. Риясыз көңіл, рақымшыл ниетпен ұйымдастырылған айтулы шараға Алматы облысы «Жартас Қазақстан» Қоғамдық қорының президенті Кайгатырова Роза Ерланқызы мектептегі аз қамтылған 30 отбасы балаларын 510.000 (бес жүз он мың) теңге көлемінде аяқ киімдермен қамтамасыз етіп, ата-аналар мен мектеп ұжымының алғысына кенелді.Аз қамтылған отбасы балаларының үйін аралап, көмегін көрсетіп қайты
Мектептегі 2 тұлдыр жетім,27 жартылай жетім, 28-аз қамтылған балаларға ыстық тамақ берілуде. Барлығы 41 бала. Күнделікті ыстық тамақ шамамен бір балаға шаққанда 300 теңгеден айналады. Ыстық тамақтың ішілуі мектеп әкімшілігі және құрылған комиссия құрамы,ата-ана комитеттері тарапынан қатаң бақылуда.

Хаттама № 2

 

 

«Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңес отырысы

12 желтоқсан 2017 жыл

Қатысқан - Қамқоршылық кеңесінің құрамы

1.Б. Момбеков– Қамқоршылық кеңестің төрағасы

2.А.Айтқұлов - Қамқоршылық кеңесінің орынбасары

3.С.Қазақбаева –хатшысы

4.Г.Оразымбетова –мүшесі

5.Г.Сарсенбаева –мүшесі

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1.Мектептің Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұқмысының есебі.

Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Момбеков

 

ТЫҢДАЛДЫ

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Момбеков сөз алды.Іс шара жоспары бойынша мектепте панасыз, тұлдыржетім, жартылай жетім, толық емес, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалардың толық есебі алынды. Мектебімізде жартылай жетім - 14 ,толық емес отбасы - 8 , аз қамтылған отбасы- 5, көп балалы отбасы - 13 . Барлығы - 40 балалар бар екені анықталды. Осы аталған оқушылардың арасында материалдық көмек көрсету үшін сынып жетікшілер үйлерін аралап, зерттеу жұмысын жүргізді. «Мектепке жол акциясы» бойынша 40 мың теңгеге оқушыларға мектеп формасы, оқу – жазу құралдарымен қамтамасыз етілді. Міндетті оқу қоры есебінен жетім, аз қамтылған,көп балалы отбасынан 20 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жаңа жыл мерекесінде ата – аналар демеушілігімен конфеттер, сыйлықтар ұйымдастырылды. 1 - 11 сынып аралығында «Патриоттық ән» байқауы ұйымдастырылды, спорттық жарыстардан волейбол, мини футбол ұйымдастырылды. Қамқоршылық кеңес осы уақыт ішінде мектеп пен кеңес мүшелері тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарылғаны туралы айтып өтті.

 

ҚАУЛЫ:

 

1.2017 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп табылсын

2.2017 -2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары іске асырылсын.

3.«Мектеп және отбасы» байланысы арқылы одан әрі жұмыс нығайтылсын.

 

 

 

 

 

Төраға: Б.Момбеков

 

Хатшысы: С.Қазақбаева

Copyright © 2017, Алматы облысы Райымбек ауданының білім бөлімі

 

КІРУ