Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br>Райымбек ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Райымбек ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

Жалпы мәлімет

1. Бөлім басшысы:  Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы

2. Бөлімінің телефондары: 2-15-80, 2-14-88, 2-22-90, 2-23-19
электрондық  пошта: aksuroo@mail.ru, obrazov-otd@aksuakimat.kz

3. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040100 Алматы облысы
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Желтоқсан көшесі, 5А
 

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» № 1072 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі №1072 Жарлығын іске асыру шаралары туралы» №1136 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» №1654 қаулысына, Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы «Алматы облысының мемлекеттік басқару органдары штаттық санының лимиті және құрылымы туралы» №159 қаулысына, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы «Ақсу ауданының мемлекеттік басқару органдары штаттық санының лимиті туралы» №462, «Ақсу ауданының мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы» №463 қаулыларына сәйкес: «Ақсу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы өзгертіліп «Ақсу аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 21.05.2012 жылы №278 қаулысымен «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді.

«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қамқоршылық кеңестің 
ХАТТАМАСЫ

25.12.2017жыл

Қатысқаны: 53
Қатыспағаны: 4 
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі


Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңестің төрағасы Г.Кошимбаева атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Қоғамда жасайтын , мемлекеттік ісін ілгері алып баратын, прогреске қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу – қай қоғамда болсын , мақсатсыз өмір сүруі мүмкін емес.Бұл ғасыр-жеке тұлға қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Сондықтан да әрбір тәрбиеленген жас ұрпақ ертеңгі күні алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алса, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана біліп, азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгеріп, өз Отанын шын сүйетін азамат болып жетілу керек. 
Қамқоршылық кеңес құрамының қолдауымен оқу үлгерімін көтеру мақсатында кәсіпкер Е.Қабылбеков бастауыш сыныптың он оқушысына жаңа оқу жылында мектеп құралдарын сыйға тартты. Кәсіпкер Т.Баудынұлы дарынды балаларды қолдау мақсатында 6-сынып оқушысы Муса Данел мен Үсейін Даниярды жас мезгілінде «Ақкөл» сауықтандыру лагерінде демалтты. 
Қамқоршылық кеңесінің ұйытқы болуымен 25-мамыр «Соңғы қоңырау» күні бүкіл мектеп ұжымы табиғатқа серуенге шығып, балалар үшін спорттық мереке ұйымдастырды.Мектепте білім алушылардың жақсы оқуына , ұстаздарға көмек ретінде әр кабинетке Кембридждің 7 модулі мен Блум таксономиясының стендтерін «Азия көркем» фирмасының директоры Ж.Әбішов жасап берді.Ауылда спортты дамытуға , оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге кәсіпкер С.Өміртай зор үлес қосып келеді. Оның дәлелі: оқушылар үшін волейбол , баскетбол , тоғызқұмалақ , спорттық инвентарьлар сатып алып берді.
Нарынқол ауылдық спорт мектебінің филиалы ретінде мектепте бокс үйірмесі жанды жұмыс жүргізуде. Облыстық, Республикалық жетістіктері бар.Оларға демеушілер жол қаражатымен қамтамасыз етеді. 
Мектеп түлегі , облыстық аурухананың бас дәрігері М.Рахметов ауылға арнайы көшпелі медициналық бригадасын жіберіп, оқушылардың денсаулығын тексертті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің -26 жылдығына арналған « 26 Қайырымды Іс» патриоттық акция аясында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді. 1978 жылғы мектеп түлектері «Өлкетану» бұрышын жасап сыйға тартты. Мектеп мұғалімі Р.Алиева мектептің абаттандыруын жақсартуға көп үлес қосты. Қамқоршылық кеңесі білім беру сапасын үнемі бақылауда ұстайды. Сабақтарға қатысып, білімі төмен оқушыларды қолдау мақсатында қөп жұмыстар атқарды. Каникул кездерінде студент волонтерлардың көмек көрсетуін ұйымдастырды. 
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің күш салуы арқасында 57 оқушы Нарынқол ауылдық оқу-өндірістік комбинатының филиалы негізінде авто ісі мамандығын алуда.
Мектепте қамқоршылық кеңесі қажеттігін анықтау мақсатында 5-9 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды. Ата-аналар тарапынан айтылған тілектер : 
- Жазға практиканы ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарау (жазғы математикалық, тілдік мектеп, ҰБТ-ға дайындық ұйымдастыру )
Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен оқушылардың М.Мақатаев музейіне , Райымбек баба ескерткішіне саяхаттары ұйымдастырылды. Материалдық қолдау көрсету мақсатында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы үйлеріне жиі барып тұрды. Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеті мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болды. Кеңес өз міндетін атқара білді. Демеушілер арқасында «ағылшын тілі , қазақ тілі , мұғалімдер бөлмесі» жабдықталды. Музыкалық аппаратура сатып алынды. Қамқоршылық кеңестің жұмыс істеу нәтижесінде мектеп үшін істің кең ауқымы ашылды.Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады. 
Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе 
Қаулы етеді:

1. 2016-2017 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту қамқоршылық кеңестің міндеті екендігі атап көрсетілсін. 
3. Мектепке , педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсету қамқоршылық кеңестің жауапкершілігіне алынсын.
4. Қамқоршылық кеңестің қызметі жандандырылсын.

Copyright © 2017, Алматы облысы Райымбек ауданының білім бөлімі

 

КІРУ