Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br>Райымбек ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Райымбек ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
16-02-2018
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жерге тағзым» тақырыбы бойынша түлектермен кездесу кеші

«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жерге тағзым» тақырыбы бойынша оқушылар мен  Райымбек ауданының судьясы А.Мылтықбаева мен мектебіміздің түлектері Г.Әлімжанова, «Шолпан» ресурстық орталығы қорының төрайымы Ш.Жанбабаева мен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеште оқушылар Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, көріністер көрсетті. Оқушылар ортасында шұғылалы күн, қалықтаған қыранымыздың халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштығы мен байлығы екенін дәріптеді. Туған жер ұғымы адамның жанына жылылық  ұялататын өте ыстық ұғым дей келе Аружан өз өлеңінде:

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

 Бұл далада жылап келіп, уанған

 Кеште А.Мылтықбаева оқушыларға бүгінгі кештің керемет ұйымдастырылғанына өз ризашылығымен,  ықыласын білдірді

 Ш. Жанбабаев көпшілікке ой салатындай болашақта туған жерге әрқашан көмек қолын созып, болашақ ұрпақты өскен ордасын ұмытпауға ой тастады. Мектеп оқушыларына өз ризашылығын білдіріп, 50 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті. Оқушыларға қай жерде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін ұмытпай, атамекендеріне деген сүйіспеншіліктері арта түсулеріне тілектес екенін айтып өтті.  

Copyright © 2017, Алматы облысы Райымбек ауданының білім бөлімі

 

КІРУ