Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br>Райымбек ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Райымбек ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
16-02-2018
«Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы

«Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы

ХАТТАМА №3 

7 қыркүйек 2017 жыл Тоғызбұлақ ауылы

«Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы болды.

Қатысуға тиісті - 5;
Қатысқаны - 5 ;

Күн тәртібінде: Республикалық «Мектепке жол» акциясына түскен қаржыны бөлу туралы

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ. Абылқайыров хабарлама жасады
Республикалық «Мектепке жол» акциясына түскен жалпы түскен қаржы 179 мың теңге болды. Мектепте жағдайы төмен 27 оқушы бар екен. Сол оқушыларға осы қаржыға сұраныстар бойынша керекті заттарын алып берейік

Сөйлеушілер: Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қасымбаев Несіпбай :
Мен кеңес төрағасының сөзіне қосыламын. Осы түскен қаржыны өз мәнінде жұмсайық.
Қамқоршылық кеңестің орынбасары Сейдахметов Қанат: комиссия мүшелігіне мектеп ұжым мүшелерін қосайық.

Қаулы: 1. Жағдайы төмен отбасы балаларына көмек ұйымдастырылған көмек өз мәнінде жұмсалсын
2. «Мектепке жол» акциясына түскен қаржыға алынған заттарды бөлу үшін оқушылардың тізімін алу, мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Кусайновқа міндеттелінсін.
3. Заттарды тиісті балаларға тапсыру кеңес төрағасы Қ. Абылқайыровқа және кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.


Отырыс төрағасы: Қ. Абылқайыров
Хатшысы: Ө. Еспаев

 
 

Copyright © 2017, Алматы облысы Райымбек ауданының білім бөлімі

 

КІРУ